✈️📚🎓2026 жылғы 30 сәуір – 2 мамыр аралығында Түркияның Стамбул қаласындағы OSB Topkapı Okulları Mesleki ve Teknik Anadolu Lisesi базасында «Түркиядағы кәсіптік білім беру моделі: дуалды оқыту, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект» тақырыбында 72 академиялық сағаттық халықаралық тағылымдама сәтті өткізілді. 🌍✨
Тағылымдама аясында қатысушылар Түркиядағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, MTAL құрылымы, дуалды оқыту жүйесі мен MESEM моделі, кәсіпорындармен келісімшарттық ынтымақтастық, өндірістік оқыту және тағылымдаманы ұйымдастыру тәжірибелерін зерделеді. ⚙️🏭📖
Сонымен қатар, білім беру үдерісінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект элементтерін қолданудың заманауи тәсілдері қарастырылды. 💻🤖💡
Бағдарлама барысында қатысушылар OSB Topkapı Okulları құрамындағы 5 филиалдың өндірістік шеберханаларының жұмыстарымен танысты. 🏗️🛠️
Атап айтқанда, мехатроника, IT, слесарлық және токарлық іс, құрылыс, машина жасау, автоматика және химия өндірісі мамандықтары бойынша заманауи өндірістік полигондар көрсетіліп, студенттердің тәжірибелік жұмыстары таныстырылды. 👩💻👨🏭⚡
Халықаралық тағылымдама тәжірибе алмасуға, кәсіби құзыреттілікті арттыруға және Түркия–Қазақстан арасындағы кәсіптік-техникалық білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді. 🤝🌐✨














