Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен «Цифрлық дәуірдегі педагог: жаңа талаптар мен кәсіби дағдарыс» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған маңызды алаңда колледжіміздің оқытушысы Жаннұр Нұрғабылқызы белсенді қатысып, «Педагогтің кәсіби трансформациясы: цифрлық сауаттылық және жаңа құзыреттіліктер» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Өз сөзінде ол заманауи білім беру жүйесіндегі өзгерістерге бейімделу, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және педагогтің жаңа рөлін қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, оқытушымыз тәжірибелік мысалдармен бөлісіп, кәсіби даму жолындағы өз жетістіктерін таныстырды. Бұл қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, өзара пікір алмасуға жол ашты.
Конференция қорытындысы бойынша Жаннұр Нұрғабылқызы тәжірибесімен бөліскені үшін арнайы сертификатпен марапатталды.
Осындай кәсіби алаңдар педагогтер үшін тек тәжірибе алмасу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар жаңа идеялар қалыптастырып, заманауи білім беру талаптарына сай дамуға үлкен серпін береді.
