ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫҚ!
🥉🏆 Құттықтаймыз!
Түркістан облысында өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасындағы республикалық спартакиадада Атырау облысының намысын қорғаған Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің оқытушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді.
Команда жарыс барысында жоғары спорттық дайындықтарын, ұйымшылдық пен табандылықтарын танытып, тартысты бәсекеде лайықты өнер көрсетті. Нәтижесінде колледж қоржыны қола медальдармен және беделді кубокпен толықты.
Бұл жетістік – колледж ұжымының бірлігі мен ынтымағының, салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысының және жеңіске деген жігерінің айқын көрінісі. Спартакиада қатысушылары тек спорттық шеберліктерін ғана емес, білім беру саласы қызметкерлерінің жан-жақтылығын, белсенділігі мен кәсіби мәдениетін де көрсете білді.
Колледжіміздің абыройын асқақтатып, өңір намысын лайықты қорғаған әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз. Бұл жеңіс – ұжымның ортақ мақтанышы әрі алдағы жаңа жетістіктерге бастар жарқын қадам.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер, жаңа спорттық және кәсіби жетістіктер тілейміз!
👏 Сіздермен мақтанамыз!
