You are currently viewing 17/21.11 тобының ұйымдастыруымен «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі»атты

17/21.11 тобының ұйымдастыруымен «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі»атты

Ақпан айының 18-жұлдызы күні Автоматтандыру және басқару 17/21.11 тобының ұйымдастыруымен «Әке-шаңырақтың негізгі тірегі»атты студенттеріміздің әкелерімен кездесу кеші өткен болатын.Кештің мақсаты студенттерге отбасының ұйтқысы , негiзгi тірегі әке екенін әрі бала мен әке арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.Отбасындағы әке орнын, рөлiн көрсете отырып , халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу.
Кеш барысы әкелерге арналған жыр шумақтарымен басталса,домбыраның әсем үнімен жүректі тербетті.Студенттер тәлім-тағылым берерлік көрініс қойып,қонақтарды ойға шомылдырды.Қызықты ойындар мен ситуациялық сұрақтар да кештің бір бөлігі болды.Кеш соңында Айнагүл Максутовна әкелерге алғыс хат табыстап,Абайдың қара сөздерін сыйға тартты.»Жүріңіз аман-есен ортамызда,
Тілейді соны бүгін ұл-қызыңыз!»деген әдемі жолдармен кездесу кеші қорытындыланды.