⚖️ «Құқықтану» кафедрасының апталығы аясында студенттер үшін маңызды әрі мазмұнды кездесу өтті.
📢 «Сталкинг – қылмыс» тақырыбында құқықтық-ақпараттық кеңес беру орталығының өкілдерімен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жеке қауіпсіздік мәселелеріне назар аудару және заңнамалық жауапкершілік туралы түсіндіру.
👩⚖️ Кездесу барысында құқықтану мамандығының студенттеріне 📚 құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сталкингтің қоғамдағы қауіптілігі, оның психологиялық және құқықтық салдары жан-жақты талқыланды. Мамандар жастарды заң талаптарын сақтауға, өз құқықтарын білуге және құқықбұзушылықтың алдын алуға шақырды.
👥 Кездесуге қатысқан мамандар:
🔹 Ескулов Болат Карабалаевич – құқықтық-ақпараттық кеңес беру орталығының заңгері
🔹 Саудабаева Марта Куанышевна – орталық психологы
🔹 Махмуд Орынгул Төремұратқызы – орталық маманы
🔹 Бақтыгереева Анаргул Бақтыгерейқызы – Атырау облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі
🎬 Іс-шара барысында сталкинг тақырыбына арналған бейнефильм көрсетіліп, ⚠️ оның қылмыстық жауапкершілігі мен заңнамадағы негізгі баптары туралы кеңінен түсіндірілді.
💡 Кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, болашақ заңгерлер үшін маңызды тәжірибе алмасу алаңына айналды.
🙌 Қауіпсіз қоғам – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
🔥 Құқықтық мәдениетті бірге қалыптастырайық!
