You are currently viewing Қазақ тағдырын жырлаған қаламгерге арналған тағылымды кездесу 📚✨

Қазақ тағдырын жырлаған қаламгерге арналған тағылымды кездесу 📚✨

№4 жылжымалы кітапхана Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі мамандығының I курс студенттеріне Қазақстанның Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығына арналған «Қазақ тағдырын жырлаған қаламгер» атты танымдық сағат өткізді.

📖 Іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандарға қаламгердің бай әдеби мұрасын кеңінен таныстыру, жас ұрпақты көркем әдебиет оқуға баулу, ұлттық рух пен құндылықтарды насихаттау.

✨ Кездесу барысында студенттер жазушының өмір жолы, шығармашылық әлемі және қазақ әдебиетіндегі орны туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, Қабдеш Жұмаділов шығармаларындағы елдік рух, тарихи сана және ұлттық болмыс кеңінен сөз болды.

📚 Студенттер назарына жазушының «Дарабоз», «Аққуды атпас болар», «Қабанбай батыр», «Естеліктегі Алаш» атты туындылары, сондай-ақ Ш. Елеукеновтің көп томдық шығармалар жинағының VI томы және басқа да әдебиеттер ұсынылып, мазмұнды ақпарат берілді.

💫 Мұндай тағылымды шаралар студенттердің әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байыта түседі.