🎓 Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде студенттер арасында конференция өтті 🎓 Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен студенттер арасында «Жасанды интеллект: білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді 🤖📚.
Конференцияның негізгі мақсаты – білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізудің өзектілігін айқындау, олардың оқу-тәрбие жұмысындағы тиімділігін көрсету, сондай-ақ заманауи цифрлық мүмкіндіктерді педагогикалық тәжірибеде қолдану жолдарын талқылау болып табылады 💡✨. 🔹
Конференция жеңімпаздары мен қатысушылары:
🏆 I дәрежелі диплом – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті Орынғалиева Дильназ Салауатқызы ( ғ.ж.Нургабылова Ж.Н.)
🥈 II дәрежелі диплом – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті Қабижан Дильназ Қабижанқызы (ғ.ж.Куатова А.З.)
🥉 III дәрежелі диплом – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі” мамандығының студенті Кулушева Альфинура Артуровна, (ғ.ж. Даулеткалиева Н.Т.)
📜 Сертификат иегерлері:
1)«Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студенті Бақтияр Дана Шалқарқызы (ғ.ж.Жүсіпова Ж.К).
2) «Аударма ісі» мамандығының студенті Қайырлы Назерке Мұхтарқызы(ғ.ж.Ақбергенова А.Ш.)
3) «Аударма ісі» мамандығының студенті Темірхан Арай Айбарқызы, (ғ.ж.Мухамбеталиева А.Қ.)
🎉 Барлық марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Білім мен инновацияны ұштастыра отырып, болашақта ел игілігіне қызмет ететін білікті де бәсекеге қабілетті маман болуларыңызға тілектеспіз! 🌟📖
