You are currently viewing Республикалық байқауда колледж психологы марапатталды

Республикалық байқауда колледж психологы марапатталды

2026 жылғы 12 наурызда Алматы қаласында Республикалық ғылыми-практикалық орталық «Дарын» ұйымдастыруымен «Жылдың үздік психологы» республикалық байқауы өтті. Білім беру саласының үздік мамандарын анықтауға бағытталған бұл байқауға еліміздің әр өңірінен тәжірибелі педагог-психологтар қатысып, өздерінің ғылыми-әдістемелік жұмыстарын таныстырды.

Аталған байқауда колледжіміздің педагог-психологы, педагогика ғылымдарының магистрі Н.Т. Даулеткалиева 📚
«Жасөспірімдер арасындағы буллингті азайтудың тиімді психологиялық әдістері» тақырыбындағы әдістемелік құралын ұсынып, өз жұмысын сәтті қорғады. 👩‍🏫✨

Ұсынылған жұмыс жасөспірімдер арасындағы буллингтің алдын алу, психологиялық қолдау көрсету және білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне арналды. Әдістемелік құралда буллингтің себептері, оның алдын алу жолдары және практикалық психологиялық әдістер кеңінен қарастырылған. Қазылар алқасы қатысушының ғылыми негізделген жұмысы мен тәжірибелік маңызын жоғары бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша Н.Т. Даулеткалиева Республикалық ғылыми-практикалық орталық «Дарын» атынан «Үздік психолог» сертификатымен марапатталды. 🎓📜

👏 Шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жетістіктер, шығармашылық табыс және толағай табыстар тілейміз! 🌟💐