You are currently viewing 📚 Авторлық бағдарлама облыстық деңгейде қолдау тапты

📚 Авторлық бағдарлама облыстық деңгейде қолдау тапты

Колледжіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагог-сарапшы Сеймова Нұргүл Райымбековнаның авторлық бағдарламасы Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы жанындағы Сараптамалық кеңестің хаттамасымен мақұлданып, Атырау облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына таратуға ұсынылды.

📖 Авторлық бағдарлама тақырыбы:
«Орыс тілді ортада қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда ұлттық құндылықтарды дәріптеу»

Бағдарлама білім алушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыруға, ұлттық мәдениет пен рухани мұраны танып-білуге, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлері мен құндылықтарын дәріптеу арқылы тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған. Авторлық еңбекте тіл үйрету мен әдебиетті оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері ұлттық тәрбие мазмұнымен ұштастырылып, білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ерекше назар аударылған.

Бағдарламаның облыстық деңгейде қолдау тауып, білім беру ұйымдарына таратуға ұсынылуы оның өзектілігі мен практикалық маңыздылығын көрсетеді. Бұл – педагогтің кәсіби шеберлігі мен әдістемелік ізденісінің жоғары бағалануының айқын дәлелі.

📌 Бұл жетістік – ұстаздың тынымсыз еңбегі мен шығармашылық ізденісінің жемісі. Әріптесіміз Нұргүл Райымбековнаны осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, мықты денсаулық және жаңа белестер тілейміз!

👏 Жетістігіңіз құтты болсын! Біз Сізбен мақтанамыз!