«Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының Информатика/АКТ пәні оқытушыларына арналған «Болашақ мансапқа арналған жасанды интеллект құралдары» факультативтік курсын оқыту әдістемесі мен практикасы бойынша оқу семинарын өткізді. 🤖📚 🎯 Семинардың мақсаты: «Болашақ мансапқа арналған жасанды интеллект құралдары» факультативін жүргізуге педагогтарды дайындау. 📌 Семинардың міндеттері:
– факультативтің бағдарламасы мен тақырыптық жоспарын таныстыру;
– ЖИ-ді пайдалану кезіндегі құқықтық, этикалық және қауіпсіздік аспектілерін түсіндіру;
– ЖИ-сабақтың құрылымын және негізгі әдістемелік қағидаттарды көрсету;
– факультатив шеңберінде қолданылатын негізгі ЖИ құралдарымен жұмыс істеуді үйрету.
Аталған курс аясында колледжіміздің информатика және IT бағытындағы 10 педагогтар 16 сағаттық семинардан өтіп, арнайы сертификаттарға ие болды. 🏆 Педагогтарымыз бұл курстан өз тәжірибесіне қажетті теориялық және практикалық білім алып, заманауи жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік алды. 🚀 Болашақ мамандарды даярлауда цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы маңызды қадам!
