КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ – БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ🎓
Колледжімізге Махамбет ауданының «Есенбай Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі» КММ мектебінен оқушылар кәсіби бағдар беру мақсатында экскурсиямен келді.
Экскурсияның негізгі мақсаты — оқушыларды колледждің білім беру мүмкіндіктерімен таныстырып, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт беру.
Атап айтқанда, 55 оқушы мен 3 кәсіптік бағдар беруші жетекші колледжіміздің тыныс-тіршілігімен, оқу үдерісімен және материалдық-техникалық базасымен жан-жақты танысты.
🔹 Кафедра жетекшілері тарапынан оқу кабинеттері мен зертханалар таныстырылды;
🔹 Білім беру бағыттары мен мамандықтар туралы толық әрі мазмұнды ақпарат берілді;
🔹 Оқушылар колледждің ішкі атмосферасын сезініп, өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауаптар алды.
Колледж ұжымы қонақтарды жоғары деңгейде қарсы алып, кездесу мазмұнды әрі әсерлі өтті.
Мұндай кәсіби бағдар беру шаралары жас ұрпақтың қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеріп, болашақ мамандығын дұрыс таңдауына үлкен мүмкіндік береді.
✨ Болашақ талапкерлерімізге сәттілік тілейміз!



















