You are currently viewing ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК СЕМИНАР

ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК СЕМИНАР

2024 жылы 4 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталықталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумы аясында «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымындағы жалпы білім беретін пәндерін оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында өңірлік семинар өтті.

Шара барысында озық тәжірибелі педагогтер «Математиканы ағылшын тілінде оқытуда халықаралық іс-тәжірибені қолдану», «Оқыту нәтижелеріне бағытталған сабақ жоспарларын құрастырудың тиімді жолдары», «Математика пәнін оқыту барысында тәжірибелік (лабораториялық) жұмыстарды қолдану», «Қазақ әдебиеті сабақтарында функционалды сауаттылықты дамыту», «Физика, химия сабақтарында зертханалық жұмыстарды өткізу мәселелер», «Қазақ тілі мен химия пәні сабақтарын кіріктіре оқыту арқылы білім алушылардың белсенділіктерін арттыру», «Интегрированное обучение как средство организации современного учебного процесса», «ТжКББ ұйымдарында жалпы білім беретін пәндердің жүйелі және мақсатты жүргізілуі» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Өңірлік семинарға колледжіміздің жалпы білім беретін пәндер оқытушылары қатысып, сертификат иеленді. Ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар, ұсыныстар айтылып, талқыланған мәселелердің өзектілігі айқын екендігіне қорытынды жасалды. /ғылыми-әдістемелік бөлім/