You are currently viewing Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция Өскемен қаласы

Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференция Өскемен қаласы

2024 жылдың 29 ақпанында Құмаш Нұрғалиев атындағы жоғары колледжінде КСРО халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдығына арналған «Шығармашылық- ақпараттық қоғамның маңызды белгісі ретінде» атты ШҚО білім басқармасына қарасты кәсіптік білім беру орталығымен бірлесе ұйымдастырған халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. 
Аталған ғылыми-практикалық конференцияға Қазақстан Республикасының 10 облысы мен көршілес 5 республикадан 23 колледжден 68 студент өз жұмыстарын ұсынып, 51 баяндама жасады. Қатысушылардың баяндамалары сараптамалық комиссияның құзыретті құрамымен бағаланды. Сарапшы ретінде профессор И.Ч.Исанидинов атындағы мақсатты кадрларды қайта даярлау институтының Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетінің педагогикалық колледжінің аға оқытушысы, тәлімгер-тренері Нуруева Ж.Б. және Байтлесова Д.Т.- Павлодар технологиялық колледжінің әдіскері онлайн режимінде қатысты.
Сарапшылар тобы сонымен бірге: «РСС групп» компаниясының директоры Рамазанов С.С.; «Атамакен» ҰКП Шығыс Қазақстан облысы бойынша Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Березинская-Абилова Е.Н.; Сағитжанова З.Т.- Д.Серібаев атындағы ШҚТУ аға оқытушысы; Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі директорының оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасары Жайлыбаева Ж.Е. Сарапшылар тарапынан студенттерге жобаларды одан әрі дамыту бойынша ұсыныстар беріліп, конференция баяндамаларының тақырыптарының әр алуандығына және ақпараттық қоғамның дамуын ашуға назар аударды. Жұмыстың қолданбалы құрамдас бөліктеріне назар аударған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ «Шығыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институты» филиалының директоры Жұманова Г.С. ғылыми зерттеулерді дамыту бойынша өз ойын қалдырды. Конференция қорытындысында ұсынымдарда ТжКБ студенттері арасындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары баяндамалардың зерттеу элементтері, бірақ баяндамалардың ғылыми сипатына, еңбектерді салыстырмалы түрде талдауға, қандай дереккөздермен жұмыс істеуге көңіл бөлу керектігін баса айтты.
И.Р.Ишутинаның жетекшілігімен 1-орын алған білім алушымыз Жеткеншеков Алмаздың дайындығы жоғары екенін барлық мамандар атап өтті. С.Е.Мурзашеваның жетекшілігімен студент Мұрат Дильназда халықаралық конференцияға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
/ғылыми-әдістемелік бөлім/