You are currently viewing Идеядан инновациялық жетістіктерге дейін!

Идеядан инновациялық жетістіктерге дейін!

2024 жылдың 23 ақпан күні Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы Сервис және жаңа технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен колледждің 50-жылдығына арналған студенттер арасында «Идеядан инновациялық жетістіктерге дейін» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияның негізгі мақсаты: білім беру мекемелерінің педагогтеріне студенттер арқылы оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру мәселелері бойынша өз тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісуге мүмкіндік беру; озық педагогикалық тәжірибелерді білім алушылар арқылы тарату және инновациялық технологиялар арқылы жаңашылдыққа ұмтылу; Конференцияның жұмысына колледжімізден білім алушыларымыз Мұрат Дильназ (жетекшісі Мурзашева С.Е.), Адиатолла Райхан және Темірғали Нұрай (жетекшісі Асылбекова А.Э.), Урингалиев Диас және Сайфеден Ұлан (жетекшісі Жолдасов А.Т.) өз жобаларымен қатысып, онлайн нысанда сәтті қорғады. Конференция нәтижесінде барлық қатысушыларымызға сертификаттар беріліп, жұмыстары жинаққа енгізілді.
/ғылыми-әдістемелік бөлім/