You are currently viewing АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ МЕМОРАНДУМЫ

1 ақпан күні Маңғыстау Туризм Колледжі мен Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі арасында колледжаралық академиялық ынтымақтастық аясында академиялық ұтқырлық меморандумына қол қойылды. Колледждің академиялық саясаты- білім алушыға бағдарланған оқытуды жүзеге асыруға және білім сапасын арттыруға қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған білім беру қызметін жоспарлау мен басқару және оқу процесін тиімді ұйымдастыру ережелері мен рәсімдерінен тұрады. Соның бірі- академиялық ұтқырлық эксперименттік алаңын құру. Академиялық ұтқырлықтың негізгі мақсаты колледжаралық студенттердің академиялық алмасуы және оқытушылардың өзара тәжірибе алмасу бойынша мобильділігі. Батыс өңіріндегі колледжаралық студенттік академиялық алмасу «Аударма ісі» мамандығы бойынша 2024 жылы қыркүйек айында өз жұмысын бастайды. Академиялық ұтқырлық бойынша барлық ақпараттар пен хабарландырулар колледж сайтында жарияланатын болады.

/ғылыми-әдістемелік және халықаралық байланыстар бөлімі/