You are currently viewing РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ! Өскемен жоғары колледжі!

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ! Өскемен жоғары колледжі!

22 желтоқсан күні энергетика күніне орай Өскемен жоғары политехникалық колледжінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру тақырыбына арналған онлайн республикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияның мақсаты: кәсіпорындарда энергия тиімділігі мәселелеріне қызығушылықты арттыру, кәсіпорындарда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру әдістерін енгізу бойынша тәжірибе алмасу. Конференцияны Өтепова Зәмзагүл Шаймұхамедқызы – ШҚО білім басқармасының ТжКББ бөлімінің бас маманы, Исатай Салихұлы Исин – Өскемен жоғары политехникалық колледжінің директоры және Мударов Әли Әлиұлы – «Электротехника және энергетика» бейіндік оқу әдістемелік орталығының төрағасы құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Конференцияға республиканың 32 колледжінен 89 оқытушылары қатысты. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарының өзектілігімен құрылымын талдау және алдын-ала іріктеу нәтижелері бойынша колледжіміздің арнайы пән оқытушылары: Жаналиева Майра Алтынбекқызы, Даутова Айгүл Саурбайқызы және Мөлдір Қуанышқалиқызы онлайн баяндама жасап конференцияға тікелей қатысуға мүмкіндік алды. Оқытушылардың ғылыми еңбектері ғылыми-зерттеу комиссиясы тарапынан жоғары бағаланып, Республикалық конференция материалдарының жинағына енгізіліп, сәйкестік сертификаттарымен марапатталды.

/ғылыми-әдістемелік бөлім/