Құқықтану мамандығы студенттері халықаралық студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты

«Адами капитал – инновацияның негізі» атты халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференцияға директордың ғылыми-әдістемелік істері жөніндегі орынбасары Елена Николаевнаның бастамасымен және Құқықтану мамандығының арнайы пән оқытушысы Айсулу Нургабыловнаның жетекшілігімен Құқықтану мамандығының 2-курс студенттері Мақсотқызы Ақерке және Марат Зухра қатысқан болатын.
Бағдарламаға сәйкес ашылу салтанаты, қатысушыларды таныстыру, екі секцияға бөлініп жұмыстарды қорғау және талқылау, экскурсия, қорытынды сөз кезегі бойынша реттілікпен онлайн негізде жүзеге асырылды.
Жоғары колледж қатысушыларының білім деңгейлері көтеріліп, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ сөз сөйлеу мәнерлері қалыптасып, уақытылы қорғауды негізге алып, өз ойларын еркін жеткізіп, жаңашыл технологияны еркін меңгеріп, нақты әрі толыққанды жауап беруге дағдыланды.
Қатысушылар мен ғылыми жетекші арнайы сертификаттармен марапатталып, жинаққа материалдары жарияланды.
Студенттерді ғылыми-шығармашылыққа баулу – оқытушының оқу-тәрбие процесіндегі жұмысы.
Ғылыми жетекші және қатысушыларға ризашылық білдіреміз.