You are currently viewing «Төлен Әбдік әлемі» ауызша журнал

«Төлен Әбдік әлемі» ауызша журнал

11 қыркүйек күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі қазақтың көрнекті қаламгері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, драматург, ақиқат жанашыры Төлен Әбдікұлының шығармашылығына арналған «Төлен Әбдік әлемі» атты ауызша журнал ұйымдастырды. Ауызша журналға Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің 1 курс 20/23.12 топ студенттері белсене  қатысты.

Мақсаты: қазіргі қазақ әдебиетінің классигі, ешкімге ұқсамас өзіндік мәнер-машығымен дараланған тума талант, қаламгер Төлен Әбдіктің өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Оқырмандарға Төлен Әбдікұлының суреткерлік әлемін ашып көрсету, оқуға деген құштарлықтарын ояту.

Ауызша журналды кітапханашы А. Краубаева биылғы 2023 жыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында белгілі драматург, жазушы, көрнекті қаламгер, тума талант Төлен Әбдікұлының шығармаларын оқуға бағытталғанын айта отырып, жазушының өмірлік биографиясымен таныстырып өтіп, жазушының жанрлық және тақырыптық болмысына тоқталды. Өзіндік мәнер-машығы бар тума таланттың «Ақиқат жоқшысы» атануының да себебін ашып көрсетуге тырысты.

Оқырмандармен жазушының шығармашылығы жөнінде әңгімелесе келе, оның 5 танымал шығармаларын атап, үзінділерді оқып берді.

Ауызша журналды кітапханашы Төлен Әбдіктің «Адам алдына үлкен мақсат қойғаннан кейін, мысалы ғылым әлемінде қалай болғанда да үлкен жаңалық ашуға тырысады. Оның қандай жаңалық болатыны – екінші әңгіме. Сенің ашқан жаңалығың халқыңа, еліңе, адамзатқа қалай әсер етеді деген шекараны сезу ғой», – деген сөзімен қорытындылады.

#ОқуғаҚұштарКолледж #ЧитающийКолледж