You are currently viewing «Болашақ – білімді жастардың қолында» республикалық семинары

«Болашақ – білімді жастардың қолында» республикалық семинары

13-14 қазан күндері Қонаев қаласында «Болашақ – білімді жастардың қолында» атты республикалық семинар өтті. Колледжіміздің кітапханашысы Боварник И.А. және Атырау қаласының атынан «Бастауыш білім алу» мамандығының 3 курс студенті Сапар Жаңыл қатысты.
Екі күн бойы оқушылар шығармашылық әдеби байқауларға қатысып, Отан туралы өлеңдер оқыды, патриоттық тақырыпта эссе жазды, әдеби викторинаға қатысты. Екі жүзге жуық адам қатысқан семинарда колледж кітапханашылары өз тәжірибелерімен бөлісті, кітапхана жұмысының жаңа форматтары туралы әңгімеледі.
Қатысу нәтижесі бойынша семинар соңында қатысушылар марапатталды. Отан туралы эссесі үшін Сапар Жаңыл сертификатпен, патриоттық тәрбие байқауында 2-орынмен және «Кітап оқу» байқауында 2-орынмен марапатталып, грамота табысталды. Сонымен қатар «Кітапханашының жұмысындағы онлайн қызметі, кітапты насихаттау және оқырман белсенділігін арттыру құралы ретінде» баяндамасымен қатысқан колледж кітапханашысы Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапатталды.