АҚЫН, САРБАЗ, АЗАМАТ. СЫРБАЙ МӘУЛЕНОВ

Сырбай Мәуленов 1922 жылы 17 қыркүйекте Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Торғай поселкесінде дүниеге келген. Ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973). 

Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы «Колхозшы» газетінде 1937 жылы жарияланды, «Өлеңдері» атты алғашқы жинағы 1948 жылы жарық көрді. 

С. Мәуленов – қырыққа жуық жыр жинақтарының авторы. Өлеңдері қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес ретінде қосылды. 

Шығармаларында туған жер, замандас және оның жасампаз еңбегі жарқын жырланады. «Жолдас» (1954), «Жас жүрек» (1956), «Жол үстіндегі жалындар» (1963), «Жұлдыз жырлар» (1963), «Қызыл арша» (1969), «Боз қырау» (1976), «Тау гүлдері», «Шалқар», «Жалын» (үшеу де 1979). «Жаңбырсыз күз» (1980), өлендері «Шуақ», «Алтын тасқын» өлендер мен поэмалары (екеуі де 1981); «Жұлдыз жүрек» (1985) жинақтары шықты. Ақын кітаптары сыншылар тарапынан жоғары бағаланды . (1958) жылы «Таңдаулы өлеңдер» атты таңдамалысы, 1966 жылы «Шаңқай түс» жинағы, 1972 жылы «Тандамалыларың» 2 томдығы басылып шықты. Оның «Жаңа көктем» (1956), «Дала таңы» (1957), «Көгілдір таулар» (1964), «Жер нәрі» (1970), «Апрель жапырақтары» (1972), «Таңдамалы лирикалары» (1967), «Тандамала лирикалары» (1972), «Жапырақтар жанады» (1972), өлеңдер жинақтары орыс тілінде Мәскеуде басылды. 

Мәуленов – белгілі журналист бола отырып мерзімді баспасөзге белсене қатысты, көптеген публицистикалық мақалалар мен очерктер жазды. 

Мәуленов балаларға арнап «Барлаушы бал» (1961), «Құлыншақ», «Бала жолбарыс» (екеуі де 1963), Амангелді Имановтың балалық шағы туралы «Қорқақ торпақ» (1968) тағы басқа өлеңдер мен әңгімелер жазды. 

Мәуленов орыс және туысқан халықтар әдебиетінің классиктері А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Н.А. Некрасов, Т.Г. Шевченко, В.В. Маяковский, А,А. Блок, С.А. Есенин, Н.С. Тихонов, М.А. Шолохов, Ә. Науаи тағы басқа шығармаларың қазақ тіліне аударды.