Атырау облысы Полиция департаментінің жедел криминалистикалық…

Атырау облысы Полиция департаментінің жедел криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі
Михайловский Николай Николаевич өте жоғары деңгейде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, теория мен практиканы ұштастыру арқылы студенттерге жағымды әсер қалдырды. Николай Николаевич өзінің қарапайым адами болмысымен де, кәсіби қызметкер ретінде де, білімді әрі сауатты түрде жеткізе алу қабілетімен де студенттерімізге үлгі болды.

Криминалдық оқу полигоны оқу бөлмесі, криминалист және тергеуші бөлмесі, сондай-ақ дәріхана, тұрғын үй, Абай көшесі сынды 3 оқиға орнымен жабдықталған.
Әр бөлмеге жеке тоқталып, тіпті нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алу арқылы да түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Студенттердің қызығушылықтары артып, сұрақтар қойып, сәйкесінше нақты әрі түсінікті жауаптар берілді.

Мақсат: білім-білік дағдыларымен қаруланған саналы ұрпақ, іскер әрі кәсіби маман даярлау.

Осы орайда Атырау облысы Полиция департаментіне ерекше ризашылық білдіреміз, алғыс айтамыз.