You are currently viewing 2023/12/01

2023/12/01

30-қараша күні өткен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасындағы «Жас ұрпақтың сапалы білімі – ұлттық дамуға жету жолы» атты дәстүрлі ХIV облыстық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша қазақ тілі пәнінен Таңат Балжан 2-орын, математика пәнінен Хамзина Алина 2-орын, биология пәнінен Зинелқабды Алтынай 3-орын, химия пәнінен Қуандықұлы Дамир 3-орын иеленіп, бірнеше студенттер алғыс хаттармен марапатталды. Колледж намысын қорғап, белес биігінен көрінген студенттеріміздің алдағы уақытта да айшықты мақсаттарға үлкен абыроймен жетулеріне тілектестік білдіреміз. Білім ошағында білімді де талантты жастар саны арта бергей!