Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжінің ұйымдастыруымен “Жасампаздық жолындағы жарқын жеңіс” атты Ауған Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына және еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетовтың 100 жылдығына орай, өткен облыстық әскери- патриоттық жиыны ұйымдастырылды.
Жиынға Ауған соғысы ардагерлер қауымының төрағасы және мүшелері Үлкенбаев Беймбет Нариманұлы,Кенжеахметов Мұратбек Орынбайұлы, Құспанов Аманжол Төлегенұлы Кулов Алишер Изғалиұлы өздерінің басынан өткен жағдайларымен бөлісіп, жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі мақсаттарын айтып өтті.
Сонымен қатар, қонақтар қатарында Атырау облыстық Білім беру басқармасы Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-практикалық орталығының Алғашқы әскери және технологиялық дайындық бөлімінің әдіскері Хатиетоллаев Дамир Нұртайұлы, облыстық мектеп, колледждердің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушылары қатынасты.
«Ерлік аты – Ауғанстан» атты әдеби көрмеде қатысушыларды колледж кітапханасы қорындағы кітаптармен таныстырды. Бақытбек Смағұлдың «Қазақтың «Қара майоры», «Мен көрген соғысы», «Пәншір патшасы», Амангелді Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ», «Екінші мұсылман (Қазақстаннан арнайы жасақ)» кітаптары, кітап. авторы — құрастырған Ермекова Айгүл «Ауған соғысындағы Атыраулық жауынгерлер шежіресі. 1979 – 1989», Христофорова Ауғанстандағы КСРО КГБ 1978 – 1989 жж., «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» облыстық газеттеріндегі жерлестерімізге арналған мақалалар. Колледж кітапханашысы Броварник Ирина Анатольевна бүгінгі таңда ізденімпаз жас ұрпақ өсіп келе жатқанын атап өтті.
Тек оларға шеберлікпен дұрыс жол көрсету, жауапкершілікті, батыл, өз Отанының лайықты ұл-қыздары болуға тәрбиелеуіміз керек.
Аты аңызға айналған «қара майор» Борис Керімбаев Бақытбек Смағұлдың «Қазақтың «Қара майоры»» кітабында былай дейді: «Жастардың жауапсыз, ынтасыз, өз-өзіне сенімсіз болып өсуіне жол бермеу үшін жағымпаздықпен, жалаңаштықпен және жалғандықпен ұрпаққа үлгі болмауға міндетті».
Жиын соңы әскери-патриоттық эстафетамен жалғасып, жүлделі орын иеленген қатысушылар дипломмен және арнайы сыйлықпен марапатталды.