You are currently viewing 📏 «Шамалар және оларды өлшеу»: практикалық сабақ болашақ педагогтерге

📏 «Шамалар және оларды өлшеу»: практикалық сабақ болашақ педагогтерге

👩‍🏫 «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының «PEDAGOGY NEXT: Болашақ педагог – жаңа дәуір көшбасшысы» атты әдістемелік онкүндігі аясында арнайы пән оқытушысы Жүсіпова Жансая Кендебайқызы ББ-24.31 тобының студенттеріне «Шамалар және оларды өлшеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

🎯 Сабақ барысында студенттер шамалар және оларды өлшеу тәсілдері туралы білімдерін тереңдетіп, практикалық тапсырмалар мен топтық жұмыстар арқылы алған білімдерін тәжірибеде қолданды. Есептер шығарып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, тапсырмаларды орындау барысында өзара ынтымақтастық пен белсенділік танытты.

📐 Студенттер шамаларды өлшеудің күнделікті өмірдегі және оқу үдерісіндегі маңызын түсініп, бастауыш сынып оқушыларына бұл тақырыпты түсіндірудің тиімді әдістерімен танысты. Сабақ барысында көрнекілік құралдарын, дидактикалық ойындарды және практикалық тәсілдерді пайдалану жолдары қарастырылды.

✨ Ашық сабақ болашақ педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін жетілдіруге, математикалық білімді оқушыларға түсінікті әрі қызықты түрде жеткізу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.