You are currently viewing ✨ Білім. Тіл. Жаңа мүмкіндік

✨ Білім. Тіл. Жаңа мүмкіндік

Қаспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде Kip&Kap платформасы негізінде билингвалды дамытудың және жаңа буын педагогтерін даярлаудың практикалық моделі таныстырылған әдістемелік семинар өтті.

Семинар барысында заманауи педагогке қажетті жаңа тәсілдер, тиімді оқыту құралдары, тілдік орта қалыптастыру және білім алушының билингвалды дамуын қолдау жолдары талқыланды.

Қатысушылар платформаның білім беру үдерісінде тілдік дағдыларды дамытуға, оқыту мазмұнын жаңаша ұйымдастыруға және білім алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін бағыттарымен танысты. Практикалық форматта ұсынылған әдістерді педагогикалық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

💡 Семинар барысында тіл үйрету мен пәндік білімді өзара байланыстыру, білім алушының коммуникациялық қабілетін дамыту және заманауи цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мәселелері де қозғалды.

Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, білім беру саласындағы жаңа идеялар мен практикалық шешімдерді талқылады. Мұндай кездесулер педагогтердің кәсіби ізденісін кеңейтіп, оқу үдерісіне жаңа әдістерді енгізуге серпін береді.

🎤 Фаундер: Машталлер Оксана Владимировна
🎤 Спикер: Сарекенова Санди Кимаевна

✨ Жаңа идеялар. Жаңа тәжірибе. Жаңа мүмкіндіктер. Жаңа буын педагогі. 💜