You are currently viewing 🌍 «ШЕТЕЛ ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ» БІЛІКТІЛІГІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ

🌍 «ШЕТЕЛ ТІЛІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ» БІЛІКТІЛІГІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ

🎓 2026–2027 оқу жылына «Шетел тілі пәні мұғалімі» біліктілігі бойынша қазақ және орыс топтарына оқуға түсуші талапкерлер үшін қабылдау емтихандары өткізілуде.
Қабылдау емтихандары талапкерлердің кәсіби біліктілігін, педагогикалық қабілетін және ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталды.
🗣️ Бірінші кезең — кәсіби біліктілікті анықтау бойынша әңгімелесу.
Әңгімелесу барысында талапкерлердің шетел тіліне қызығушылығы, коммуникативтік қабілеті, педагогикалық ойлауы және болашақ мамандығына бейімділігі бағаланды.
📝 Екінші кезең — жазбаша емтихан.
Талапкерлер ағылшын тілінен сөздік диктант жазып, сөздерді дұрыс естіп қабылдау, сауатты жазу және ағылшын тілін меңгеру деңгейлерін көрсетті.
📱 Қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әңгімелесу кезеңі ата-аналарға тікелей трансляция арқылы көрсетілді. Ата-аналар талапкерлердің емтихан тапсыру барысын онлайн бақылауға мүмкіндік алды.
✨ Қабылдау емтихандары ашықтық, әділдік және тең мүмкіндік қағидаттары негізінде ұйымдастырылды.
🌎 Шетел тілін меңгеру — әлемге жол ашатын мүмкіндік, ал жақсы ұстаз — сол жолды көрсететін тұлға!
Қазақ және орыс топтарына оқуға түсуші барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз! 💐