You are currently viewing 🎭✨ Біз таланттарды іздейміз

🎭✨ Біз таланттарды іздейміз

Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде 1-курс студенттерінің шығармашылық қабілеттерін танытуға арналған «Біз таланттарды іздейміз!» байқауы жоғары деңгейде өтті. 🌟
Байқау барысында студенттер өздерінің өнердегі ерекше қырларын көрсетіп, ән, би, көркем сөз және басқа да шығармашылық бағыттар бойынша өнерлерін ортаға салды.

🎤  Әр қатысушы өз таланты мен шеберлігін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Байқау жас таланттарды қолдауға, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және колледж өміріне белсенді араласуына мүмкіндік берді.
🌟 Талант – әр адамның бойындағы ерекше қабілет. Ал оны таныту – батылдық пен еңбекті қажет етеді!
Барша қатысушыларға белсенділіктері мен өнерге деген сүйіспеншіліктері үшін алғыс білдіреміз! 💜
Жас таланттарымыздың шығармашылық жолына сәттілік тілейміз! 👏✨