Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң және тәртіп» бағыты аясында кездесу өтті.
Кездесу барысында студенттерге қазіргі қоғамда жиі кездесетін құқықтық мәселелер туралы кеңінен ақпарат берілді.
Атап айтқанда:
🔹 интернет алаяқтықтан сақтану және жеке деректерді қорғау;
🔹 жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу;
🔹 төбелес пен бұзақылықтың құқықтық салдары;
🔹 есірткі заттарын сақтау, тарату және тасымалдауға байланысты жауапкершілік;
🔹 заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық жауапкершілік пен қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпарат алды. 📌 Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі. Тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті!
