Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында мұнай-газ және химия салалары бойынша ұйымдастырылған облыстық кәсіби шеберлік конкурсында III орын иеленген Уразов Нуржан Мураткалиевичті шын жүректен құттықтаймыз!
Аталған конкурс кәсіби құзыреттілікті саралауға, тәжірибе алмасуға және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби даярлық деңгейін көрсетуге мүмкіндік берді.
Байқау екі турдан тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар кәсіби білімдері мен теориялық даярлық деңгейін анықтауға бағытталған тестілеуден өтті. Ал екінші кезеңде практикалық тапсырмаларды орындап, өздерінің кәсіби біліктілігін, тәжірибелік дағдыларын және алған білімдерін нақты міндеттерді шешуде қолдана білу қабілеттерін көрсетті.
Конкурстық сынақтардың қорытындысы бойынша Уразов Нуржан Мураткалиевич жоғары кәсіби дайындық деңгейін танытып, жүлделі III орынға ие болды.
Бұл жетістік — қажырлы еңбектің, мол тәжірибенің, кәсіби ізденістің және өз ісіне деген жауапкершіліктің нәтижесі.
Колледж ұжымы Нуржан Мураткалиевичті лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби өсу жолында жаңа белестер мен толағай табыстар тілейді!
Әрбір жетістік жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, кәсіби дамуға серпін берсін! 👏
