25 қазан – Республика күніне орай Атырау облысының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Жаңа Қазақстан – жастар көзімен» атты облыстық пікірсайыс турнирінде Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің «Caspian» командасы III орын иеленді. 🥉
Турнир барысында қатысушылар өзекті тақырыптарды талқылап, азаматтық ұстанымдарын білдіріп, өз ойларын дәлелдер мен дәйектер арқылы жеткізді. Жарыс жастардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін, пікірталас мәдениетін және өз көзқарасын сауатты қорғау дағдыларын шыңдауға мүмкіндік берді.
Колледж намысын қорғаған «Caspian» командасының мүшелері:
Тлекқабыл Альфия;
Қали Зален.
Жас дебатерлерімізді лайықты жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да білім мен ізденіс жолында биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз!
Жастардың белсенділігі – ел болашағының жарқын кепілі!
