You are currently viewing 🏆 СПОРТТЫҚ РУХ – БІРЛІКТІҢ НЕГІЗІ

🏆 СПОРТТЫҚ РУХ – БІРЛІКТІҢ НЕГІЗІ

Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде 1 курс студенттері арасында кіші аяқ добынан (мини-футбол) турнирі жоғары деңгейде өткізілді. ⚽️🔥

Турнир барысында студенттер өздерінің спорттық шеберліктерін, ептіліктерін, төзімділіктерін және командалық ойын қабілеттерін көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. 💪

Ойын барысында студенттер өзара қолдау мен ұйымшылдықтың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Әрбір гол мен сәтті шабуыл қатысушыларға ерекше қуаныш сыйлап, жарыстың көркін қыздырды. Спорттық бәсеке студенттердің бойында жауапкершілік, табандылық және жеңіске деген ұмтылыс қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті. Осындай жарыстар жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтуына және достық қарым-қатынастарын дамытуына мүмкіндік береді.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру, командалық рух пен достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

🥇 Дт/26.11

🥈 Дт/26.12

🥉 Ққ/26.12

🏆 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!

Жаңа жеңістер мен биік жетістіктер тілейміз! ❤️⚽️

Бір команда — бір мақсат! 🏆