You are currently viewing «Менің мамандығым туралы көркем әдебиет» кітапханалық квилт

«Менің мамандығым туралы көркем әдебиет» кітапханалық квилт

#ОқуғаҚұштарКолледж #ЧитающийКолледж #ПСВК #ҚӨҚЗЖК #книгиошколе #квилт

Болашақ мұғалімдік мамадығына қарасты 20/22.11 және 20/22.14 топтарына «Мамандығым туралы көркем әдебиет» атты кітапханалық квилт өткізілді. Ұстаздар, олардың еңбектері туралы талай өлеңдер мен әндер жазылды, талай фильмдер түсірілді. Шарада мектеп жайлы, ұстаздар туралы кітаптар туралы әңгімелестік. Қатысушылар стикерлерге кітаптардың авторлары мен атауын жазып, тақтаға бекітті. Олар Б.Соқпақбаевтың «Жекпе-жек», Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстаз», В.Распутиннің «Француз тілі сабақтары», Дж.Роулингтің Гарри Поттер сериясындағы кітаптары, В.Кавериннің «Екі капитан» және көптеген тамаша туындыларын еске алды.
20/22.11 тобының студенттері Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы бойынша шағын қойылым көрсетті. Колледж кітапханашысы Боварник И.А. Г.Полонскийдің «Біз дүйсенбіге дейін өмір сүреміз» кітабы бойынша интерактивті бейне презентация дайындады. Квилт үшін «Мамандығым туралы көркем әдебиеттер» әдебиеттер тізімі құрастырылды. Шараның соңында біз бірге кітап атауларының интерактивті сөз бұлтын жасадық.