You are currently viewing ⚖️ «Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғамның негізі

⚖️ «Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғамның негізі

Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң және тәртіп» бағыты аясында кездесу өтті.

Кездесу барысында студенттерге қазіргі қоғамда жиі кездесетін құқықтық мәселелер туралы кеңінен ақпарат берілді.

Атап айтқанда:

🔹 интернет алаяқтықтан сақтану және жеке деректерді қорғау;

🔹 жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу;

🔹 төбелес пен бұзақылықтың құқықтық салдары;

🔹 есірткі заттарын сақтау, тарату және тасымалдауға байланысты жауапкершілік;

🔹 заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық жауапкершілік пен қауіпсіздікке қатысты маңызды ақпарат алды. 📌 Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі. Тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті!