🎓 2026–2027 оқу жылына «Бастауыш білім беру» мамандығына түсуші талапкерлер үшін қабылдау емтихандары өткізілуде.
Қабылдау емтихандары талапкерлердің кәсіби біліктілігін, педагогикалық қабілетін, ойлау деңгейін және мамандыққа бейімділігін анықтауға бағытталған.
🗣️ Бірінші кезең — кәсіби біліктілікті анықтау бойынша әңгімелесу.
Әңгімелесу барысында талапкерлердің бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жасауға бейімділігі, педагогикалық көзқарасы, коммуникативтік қабілеті және мамандыққа қызығушылығы бағаланды.
📝 Екінші кезең — жазбаша емтихан. Эссе жазу.
Талапкерлер берілген тақырып бойынша өз ойларын еркін әрі жүйелі жеткізіп, сауатты жазу, шығармашылық ойлау және педагогикалық көзқарасын көрсетті.
📱 Қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында әңгімелесу кезеңі ата-аналарға тікелей трансляция арқылы көрсетілді. Осылайша ата-аналар талапкерлердің емтихан тапсыру барысын онлайн бақылауға мүмкіндік алды.
✨ Қабылдау емтихандары ашықтық, әділдік және тең мүмкіндік қағидаттары негізінде ұйымдастырылды.
🌱 Бастауыш білім беру педагогы — баланың білім әлеміндегі алғашқы ұстазы!
Барлық талапкерлерге сәттілік тілейміз! 💐
