You are currently viewing 🏀 Жеңіс жолындағы табандылықКолледж арулары волейболдан облыстық турнирде жүлделі орын иеленді

🏀 Жеңіс жолындағы табандылықКолледж арулары волейболдан облыстық турнирде жүлделі орын иеленді

14 наурыз күні қасиетті Рамазан айына орай Атырау облысында әйелдер мен қыздар арасында волейболдан облыстық турнир өтті. Аталған жарысқа өңірдің әртүрлі білім беру ұйымдары мен спорт ұжымдарының командалары қатысып, өзара мықтыларды анықтады.

Бұл турнирде колледжіміздің студент қыздарынан құралған команда да белсенді қатысып, жоғары дайындықтарын көрсетті. Жарыс барысында команда мүшелері ұйымшылдық пен спорттық шеберліктің үлгісін танытып, тартысты ойындар өткізді.

Нәтижесінде біздің команда қарсыластарынан қалыспай, тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі III орынды иеленіп, мықтылар қатарынан көрінді. Бұл жетістік – команданың табандылығы мен бірлігінің нәтижесі.

Осындай спорттық жарыстар жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, командалық рухын нығайтуына және спортқа деген қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік береді.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңісті күндеріміз көп болсын!