You are currently viewing 📚🏆 Халықаралық конференциядағы лайықты жетістік

📚🏆 Халықаралық конференциядағы лайықты жетістік

📚🎓 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК КОНФЕРЕНЦИЯ 🎓📚

Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжінің студенті Олжагалиева Аманда Қадырғалиевна Ақтөбе облысының білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Студенттердің ғылыми зерттеулері: сын-қатерлер мен даму бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында жоғары нәтиже көрсетіп, «Әлеуметтану, құқық және психология» бағыты бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды.

Аталған конференция жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамытуға, тәжірибе алмасуға және өзекті мәселелер бойынша ғылыми пікірталас жүргізуге мүмкіндік берген маңызды халықаралық алаң болды. Конференция барысында қатысушылар өздерінің ғылыми жобалары мен зерттеу жұмыстарын таныстырып, кәсіби сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.

Аманданың жетістігі – оның ғылымға деген қызығушылығының, ізденімпаздығының және жүйелі еңбегінің нәтижесі. Бұл жеңіс студенттің ғылыми-зерттеу қызметіндегі алғашқы қадамдарының сәтті екенін көрсетіп қана қоймай, колледжіміздің білім алушыларының жоғары дайындық деңгейін де дәлелдейді.

👏 Студентімізді және ғылыми жетекшісі Дербисинова Венера Күздібайқызын осы жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

🌟 Ғылым жолындағы ізденістеріңіз жемісті болып, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер! Зерттеу жұмыстарыңыз табысты жалғасып, тың идеялар мен маңызды жаңалықтарға жол ашсын.

🏆 Еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жеңістер тілейміз! Жеңістеріңіз көп болсын!