You are currently viewing 📚✨ «Даланың даңқын асқақтатып, тауларды аласартпай…» тақырыбында Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына арналған ашық сабақ

📚✨ «Даланың даңқын асқақтатып, тауларды аласартпай…» тақырыбында Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына арналған ашық сабақ

📚✨ Жалпы білім беретін пәндер онкүндігі аясында «Даланың даңқын асқақтатып, тауларды аласартпай…» тақырыбында Олжас Сүлейменовтың 90 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.

Іс-шараны педагог-зерттеуші Оспанова Шолпан Құттыбайқызы мен Кусегенова Люция Оспанқызы өткізді.

🎯 Іс-шараның мақсаттары:
✔️ студенттерді ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру
✔️ поэзияға деген қызығушылықты ояту
✔️ азаматтық жауапкершілік пен толеранттылық сезімін дамыту

Іс-шара барысында студенттер:
🎤 өлеңдер оқып, өз әсерлерімен бөлісті
🧠 ақын шығармашылығының қазіргі мәдениеттегі маңызын талқылады
🌍 бірлік, құрмет және азаматтық ұстаным құндылықтары туралы ой бөлісті

✨ Кеш жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтіп, студенттердің жүрегінде жарқын әсер мен терең із қалдырды.