You are currently viewing 🌍 Жасанды интеллект бағытындағы халықаралық жетістік — колледж мақтанышы! 🏆

🌍 Жасанды интеллект бағытындағы халықаралық жетістік — колледж мақтанышы! 🏆

🌍🏆 Маңғыстау облысы білім басқармасы ұйымдастырған «Жұмысшы кадрларды даярлаудағы жасанды интеллект: халықаралық тәжірибе және аймақтық мүмкіндіктер» тақырыбындағы халықаралық тәжірибелік конференцияда колледжіміздің оқытушысы Ақбергенова Айдана Шапиголлаевна жоғары нәтиже көрсетіп, үлкен жетістікке қол жеткізді.

📚 Конференция барысында қатысушылар жасанды интеллект технологияларын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізудің заманауи тәсілдерін талқылап, халықаралық тәжірибелермен бөлісті.

👩‍🏫 Айдана Шапиголлаевна «Жасанды интеллектіні техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізудің практикалық модельдері (шет тілінде)» бағыты бойынша өз тәжірибесін кәсіби деңгейде қорғап, 🥉 ІІІ орын иеленді.

✨ Бұл — халықаралық деңгейдегі кәсіби біліктілік пен үздік педагогикалық тәжірибенің айқын көрінісі. Әріптесіміздің шығармашылығы, ізденісі және инновациялық бағыттағы еңбегі колледжіміздің беделін арттырып, білім ордамыздың жетістіктер қоржынына тағы бір маңызды жеңіс қосты.

👏 Ақбергенова Айдана Шапиголлаевнана шын жүректен құттықтаймыз!
🌟 Алар асуларыңыз биік, еңбегіңіз жемісті болсын! Жаңа жобалар мен халықаралық байқауларда толағай табыстар тілейміз!