Батыр ана, тыл ардагері Қасыл Қасқырбайқызының 100 жылдығына арналған «Ұстаз мәртебесі – ұлт мерейі» атты республикалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының байқауы өз мәресіне жетті.
Сегіз айға созылған ауқымды байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 600 педагог қатысып, олардың арасынан озық шыққан республиканың 14 үздік ұстазы Қасыл ананың ғасырлық мерейтойында бас қосты. Байқау педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуға, шығармашылық ізденістерін танытуға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.
Осы беделді додада әріптесіміз Орынбасаров Рақымжан Асқарұлы Талдықорған облысы, Алакөл өңірінде өткен қорытынды кезеңде Атырау облысының абыройын асқақтатып, жүлделі IV орынды иеленді. Сонымен қатар байқаудағы ең жоғары сыйақыға ие болып, үздіктер қатарынан көрінді.
Бұл жетістік – ұстаздың кәсіби біліктілігі мен шығармашылық әлеуетінің, білім мен тәрбие жолындағы табанды еңбегінің жарқын көрінісі. Рақымжан Асқарұлының жеңісі оқу орны ұжымының да мерейін өсіріп, жас педагогтерге үлгі боларлық жетістікке айналды.
Әріптесімізді жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар, шығармашылық шабыт, жаңа белестер мен кәсіби жеңістер тілейміз. Ұстаздық абыройыңыз артып, жетістіктеріңіз еселене берсін!
👏 Құтты болсын!
