Құрметті әріптестер!
Қадірлі ата-аналар!
Қымбатты студенттер!
Сіздерді жарқын үміт пен жаңаша серпінге толы Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Өтіп бара жатқан жыл колледжіміз үшін табысты істерге, ортақ жетістіктер мен маңызды белестерге толы болды. Бұл - бірлескен еңбектің, өзара сенім мен ынтымақтың айқын нәтижесі.
Келе жатқан Жылқы жылы – еңбекқорлықтың, табандылықтың, алға ұмтылудың нышаны. Осы қасиеттер біздің колледж ұжымына да, білім алушы жастарымызға да тән деп білемін. Ардақты әріптестерге шығармашылық табыс пен кәсіби өсу, студенттерге жүйрік ой мен жарқын жеңістер тілеймін. Жылқы жылында әрбір бастама сәтті болып, еңбегіміз ақталсын.
Жаңа жыл әр шаңыраққа амандық пен тыныштық, молшылық пен қуаныш әкелсін! Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық бақыт, толағай табыс тілеймін. Бірлігіміз бекем болып, ортақ мақсат жолында бірге жетістіктерге жете берейік. Жаңа жыл, Жылқы жылы құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
колледж директоры, п.ғ.к.,
М.Х.Мухтаров
