You are currently viewing Облыс жеңімпаздары – республикалық кезеңге жолдама

Облыс жеңімпаздары – республикалық кезеңге жолдама

Орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен Ұлттық спорт лигасының облыстық кезеңінде ұлдар мен қыздар арасындағы үстел теннисі жарысында Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі командасы жүлделі І орынды иеленді.

Тартысты өткен додада колледж спортшылары жоғары дайындық деңгейін, шапшаңдық пен тактикалық сауаттылықты көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті. Командалық бірлік пен жеңіске деген жігерлі ұмтылыс олардың шешуші сәттерде сенімді ойын өрнегін көрсетуіне мүмкіндік берді.

Жарыс қорытындысы бойынша колледж командасы Ақмола облысында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Бұл — оқу орны спортшылары үшін үлкен жауапкершілік пен жаңа белес.

Колледж ұжымы жас спортшыларға алдағы республикалық кезеңде сәттілік тілейді және олардың облыс намысын абыроймен қорғайтынына сенім білдіреді. 💪🇰🇿