You are currently viewing ТжКБ педагогтеріне арналған жасанды интеллект бойынша оқу семинары

ТжКБ педагогтеріне арналған жасанды интеллект бойынша оқу семинары

«Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының Информатика/АКТ пәні оқытушыларына арналған «Болашақ мансапқа арналған жасанды интеллект құралдары» факультативтік курсын оқыту әдістемесі мен практикасы бойынша оқу семинарын өткізді. 🤖📚 🎯 Семинардың мақсаты: «Болашақ мансапқа арналған жасанды интеллект құралдары» факультативін жүргізуге педагогтарды дайындау. 📌 Семинардың міндеттері:

– факультативтің бағдарламасы мен тақырыптық жоспарын таныстыру;

– ЖИ-ді пайдалану кезіндегі құқықтық, этикалық және қауіпсіздік аспектілерін түсіндіру;

– ЖИ-сабақтың құрылымын және негізгі әдістемелік қағидаттарды көрсету;

– факультатив шеңберінде қолданылатын негізгі ЖИ құралдарымен жұмыс істеуді үйрету.

Аталған курс аясында колледжіміздің информатика және IT бағытындағы 10 педагогтар 16 сағаттық семинардан өтіп, арнайы сертификаттарға ие болды. 🏆 Педагогтарымыз бұл курстан өз тәжірибесіне қажетті теориялық және практикалық білім алып, заманауи жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік алды. 🚀 Болашақ мамандарды даярлауда цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы маңызды қадам!