Құрметті ата-аналар, әріптестер, студенттер!
Баршаңызды Ұлы дала елінің ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемендік алғанымызға биыл 34 жыл. Бұл — тарих үшін соншалықты ұзақ мерзім болмағанымен, осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды. Әлеуметтік-экономикалық, саяси, қауіпсіздік, жаһандық мәселелерге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдай алатын, өз ұстанымын паш ете алатын егемен мемлекет бола алғанымызды барлық қырынан айқындап, төрткүл дүние бағалаған мемлекетке айналдық. Бұның барлығы Егемен ел болғандығымыздың, Тәуелсіздігіміздің арқасы. Алдағы уақытта да болашағымыз мәнді, өміріміз сәнді, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болғай!
Ел іргесі аман болсын, бейбіт заман болсын!
Мереке құтты болсын!
Мұстахим Харенұлы
Каспий өңірінің көпаслалы жоғары колледжінің директоры, п.ғ.к., профессор