«Шетел тілі пәндері» кафедрасының онкүндігі аясында студенттердің тілдік құзыреттілігін арттыру мақсатында «The English Speaking Countries» атты облыстық онлайн квест ойыны ұйымдастырылды.
Квесттің негізгі мақсаты — студенттердің халықаралық маңызға ие ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту, елтанымдық білімдерін кеңейту, логикалық ойлау мен шығармашылық белсенділігін арттыру. Онлайн форматта өткен сайыс қатысушылардың цифрлық сауаттылығын да жетілдіруге мүмкіндік берді.
Сайысқа Атырау облысының 13 колледжінен 134 студент қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды. Қатысушылар ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттердің тарихы, мәдениеті, географиясы мен тілдік ерекшеліктеріне қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, түрлі интерактивті тапсырмаларды орындады. Барлық кезеңдерді сәтті аяқтаған қатысушылар жасырылған цитатаны тауып, квестті толық аяқтады.
Нәтижесінде барлық кезеңдерден өткен 117 студент арнайы сертификаттармен марапатталды. Сертификат иегерлерінің оқу орындары бойынша көрсеткіші төмендегідей:
Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы – 4;
Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі – 6;
Атырау энергетика және құрылыс колледжі – 3;
APEC Petrotechnic жоғары колледжі – 4;
Т. Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі – 4;
О. Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжі – 4;
Атырау жоғары көпсалалы «Болашақ» колледжі – 5;
Атырау жоғары медициналық колледжі – 4;
С. Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі – 6;
Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі – 1;
Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі – 1;
Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі – 3;
Каспий өңірінің көпсалалы жоғары колледжі – 72.
Аталған онлайн квест студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, білім алушылар арасында белсенділік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
