«Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының «PEDAGOGY NEXT: Болашақ педагогі – жаңа дәуір көшбасшысы» атты әдістемелік онкүндігі аясында оқытушы Налық Айжанат Маратқызы МДТ/24.32 тобына «Мектепке дейінгі жастағы балаларға геометриялық пішіндерді үйретудің тиімді жолдары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар мектеп жасына дейінгі балаларға геометриялық пішіндерді таныстырудың тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, оларды ойын, практикалық тапсырмалар және заманауи педагогикалық технологиялар арқылы меңгертудің жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, балалардың кеңістіктік ойлауын, логикалық қабілеттерін және танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған тапсырмалар орындады.
Сабақта қолданылған тиімді әдістер білім алушылардың шығармашылық ізденісін арттырып, болашақ педагог ретінде кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.
✨ Ойын арқылы оқыту – баланың танымдық дамуына бастар тиімді жол!
