You are currently viewing William Shakespeare: «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының әдістемелік онкүндігі аясындағы ашық сабақ

William Shakespeare: «Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының әдістемелік онкүндігі аясындағы ашық сабақ

«Педагогикалық мамандықтар» кафедрасының әдістемелік онкүндігі аясында А. З. Қуатова «Аударма ісі» мамандығының 11/24.31 тобында «William Shakespeare» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларға ұлы ағылшын драматургі әрі ақыны Уильям Шекспирдің өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты мәлімет беру, оның әдеби мұрасымен таныстыру және әлем әдебиетіндегі ерекше орнын айқындау.

Сабақ барысында студенттер жазушының өмір жолы мен шығармашылық қызметінің негізгі кезеңдері, сондай-ақ ғасырлар бойы өзектілігін жоғалтпай, әлем оқырмандары мен көрермендерінің қызығушылығын тудырып келе жатқан әйгілі шығармалары туралы білімдерін толықтырды.

Тілдік құзыреттіліктерді дамытуға ерекше назар аударылды. Білім алушылар сабаққа белсенді қатысып, түрлі жаттығулар мен тапсырмаларды орындау арқылы ағылшын тілінде сөйлеу, оқу, тыңдалым және жазу дағдыларын жетілдірді.

Сабақтың ерекшелігі – заманауи цифрлық білім беру құралдарының тиімді қолданылуы. Интернет-ресурстар мен жасанды интеллект технологиялары — Diffit, ChatGPT, D-ID AI, Deep AI және Canva AI көмегімен студенттер интерактивті тапсырмаларды орындап, оқу материалдарымен жұмыс істеді және ағылшын тілін меңгеру мүмкіндіктерін кеңейтті.

Цифрлық ресурстар мен жасанды интеллект құралдарын қолдану оқу үдерісін мазмұнды әрі қызықты етіп, студенттердің танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар шет тілдерін оқытуда заманауи технологияларды пайдаланудың мүмкіндіктерін көрсетті.

Ашық сабақ классикалық әдеби мұраны, коммуникативтік оқыту тәсілін және инновациялық білім беру технологияларын ұштастырудың үлгісі болды.