You are currently viewing Колледж студенттері әскери-спорттық жарыстардың жеңімпаздары атанды

Колледж студенттері әскери-спорттық жарыстардың жеңімпаздары атанды

19–23 қазан аралығында колледжіміздің 50 студенті «Жасыл ел» ұйымдастырған оқыту курсына белсене қатысты. Бағдарлама жастардың командалық рухын, тәртібін, дене дайындығын және патриоттық қасиеттерін дамытуға бағытталды.

Курс аясында жеті команда қатысқан «Жас сарбаз» байқауы ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесінде колледж студенттері жоғары дайындықтарын көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

🥇 I орын – «Мерген» командасы (ТПА/26.11) – 100 000 теңге;

🥈 II орын – «Сармат» командасы (БҚЕ/26.11) – 75 000 теңге;

🥉 III орын – «Барыс» командасы (ПО/26.13) – 50 000 теңге.

Сонымен қатар 16–35 жас аралығындағы қатысушылар арасында өткен әскери квест ойынында да студенттеріміз өздерінің шеберліктері мен жеңіске деген жігерлерін танытты:

🥇 I орын – «Мерген» командасы (ТПА/26.11) – 100 000 теңге;

🥈 II орын – «Армия» командасы – 75 000 теңге;

🥉 III орын – «ОІL» командасы – 50 000 теңге.

Айта кетерлігі, ТПА/26.11 тобының «Мерген» командасы екі бірдей жарыста топ жарып, жеңімпаз атанды!

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жастарымызға толағай табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Осы шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысып, студенттерді әскери-спорттық жарыстарға дайындауда уақыт пен күш-жігерін аямаған Тұрлан Еркінұлы мен Бейбарыс Қанатұлына ерекше алғыс білдіреміз.

Сондай-ақ курсқа қатысқан студенттердің барша топ жетекшілеріне қолдау көрсетіп, ұйымдастыру жұмыстарына белсенді атсалысқандары үшін ризашылығымызды білдіреміз.

Осындай шаралар жастардың бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, табандылық пен ұйымшылдық қасиеттерін қалыптастырып, командалық рухын нығайта түседі.