TALAP КЕАҚ ұйымдастыруымен өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауының қорытындысы бойынша колледж педагогі Иманалиева Самал Төлеушқызы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл жетістік – педагогтің кәсіби шеберлігі, шығармашылық ізденісі мен білім беру саласын дамытуға қосқан үлесінің нәтижесі. Байқау барысында қатысушылар өздерінің үздік педагогикалық тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру үдерісіне бағытталған тың идеялары мен инновациялық жобаларын ұсынды.
Самал Төлеушқызының жетістігі колледж ұжымының кәсіби әлеуетін айқындап, жас мамандарға үлгі боларлық нәтиже болып табылады. Бұл марапат ұстаз еңбегінің жоғары бағаланғанының және үздіксіз даму жолындағы табанды еңбегінің дәлелі.
Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, жаңа бастамаларға сәттілік, кәсіби қызметінде толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз!
👏 Жеңісіңіз құтты болсын!
