You are currently viewing 📚 Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің заманауи тәсілдері талқыланды

📚 Білім беру бағдарламаларын әзірлеудің заманауи тәсілдері талқыланды

📚 Атырау облысында «TALAP» КеАҚ ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын жобалау және әдістемесі» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курсты «TALAP» КеАҚ менеджері Асаубаева Ақгүл Кенжебекқызы жүргізді. Оқытуға Атырау облысының колледждерінен білім беру бағдарламаларын әзірлеуші, сарапшы және бағдарламаларды білім беру бағдарламаларының тізіліміне орналастыруға жауапты 25 маман қатысты.

Курс барысында тыңдаушылар жаңа нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс істеу ерекшеліктерін меңгеріп, жаңартылған кәсіптік стандарттар мен еңбек нарығының заманауи талаптарын талдауды үйренді. Сонымен қатар қатысушылар функционалдық-біліктілік карталарын әзірлеу, оқу мақсаттары мен оқу нәтижелерін дұрыс қалыптастыру, ішкі және сыртқы бағалау талаптарына сәйкес сапалы білім беру бағдарламаларын әзірлеу бағытында тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.

Бағдарлама аясында білім беру мазмұнын жаңарту, жұмыс берушілердің сұраныстарын ескере отырып оқу бағдарламаларын жетілдіру, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, өзара тәжірибе алмасып, білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі тиімді тәсілдермен танысты.

🎯 Курс қорытындысы бойынша мамандар білім беру бағдарламаларын жобалау мен әзірлеудің заманауи әдістерін меңгеріп, еңбек нарығының талаптарына сай бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға бағытталған кәсіби құзыреттерін арттырды. Мұндай оқыту шаралары техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыруға, білім беру бағдарламаларының өзектілігін қамтамасыз етуге және колледждердің әдістемелік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.