You are currently viewing 🚨📚 Ашық сабақ: «Табиғи апат аймақтарындағы тұрғындардың әрекеттері»

🚨📚 Ашық сабақ: «Табиғи апат аймақтарындағы тұрғындардың әрекеттері»

👥 Тобы: ЭҚ-25.11
👨‍🏫 Ашық сабақты өткізген: педагог-модератор Ахметов Тұрлан Еркінұлы

🎯 Сабақтың мақсаты: оқу процесі барысында білім алушылар табиғи апат түрлерін ажыратып, әртүрлі төтенше жағдайларда тұрғындардың қауіпсіз әрекет ету алгоритмін талдап, оны өмірлік жағдайларда қолдану дағдыларын қалыптастырды.

Сабақ барысында студенттер:
🌪️ табиғи апат түрлерін (жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және т.б.) анықтады
📋 төтенше жағдайларда қауіпсіз әрекет ету алгоритмдерін меңгерді
🧠 нақты жағдайларға талдау жасап, шешім қабылдау дағдыларын дамытты
🤝 топтық жұмыстар арқылы өзара пікір алмасып, белсенділік танытты

✨ Сабақ мазмұнды, тәжірибеге бағытталған және жоғары деңгейде ұйымдастырылды.